
Бұл туралы Ұлттық банктің Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбаев брифингте мәлімдеді.
Кепілдендірілген және кепілдендірілмеген цифрлық активтер ажыратылады. Екіншісі – криптовалюта. Нарық қатысушыларының жаңа санаты – криптовалюта айырбастау қызметтерін жеткізушілер (крипто айырбастаушылар) пайда болады.
Олар Ұлттық банктің лицензиясы мен қадағалауымен жұмыс істеп, криптовалютаны ақшаға айырбастайды. Сатып алуға болатын криптовалюталардың тізімін де реттеуші белгілейді.
Криптобиржалар Астана халықаралық қаржы орталығының құзырында жұмысын жалғастырады. Жаңа шаралар оларға әсер етпейді.