Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессия: 1 доллар - 322,33 теңге

Күндізгі сессия: 1 доллар - 322,33 теңге

Алматы. 27 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 27 маусымдағы доллардың орташа бағамы 322,33 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 320,50 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 322,75 тг, сауданың аяқталуы кезінде 322,75 тг болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 110 млн 750 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 258.

Ақша айырбастау орындарында 27 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.55) Алматыда 325,2 теңгені құраған.

Похожие материалы