Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қырғызстан цифрлық сомды 2027 жылдан бастап енгізеді

Қырғызстан цифрлық сомды 2027 жылдан бастап енгізеді

Қырғызстанда цифрлық сомды ресми айналымға енгізу 2027 жылғы 1 қаңтарға жоспарланған.

Бұл туралы баспасөз конференциясында Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Азат Козубеков мәлімдеді. Ақпаратты Кабар агенттігі таратты.

Оның айтуынша, тиісті заң дәл осы күннен бастап күшіне еніп, цифрлық сом ресми түрде қолданысқа енгізіледі. Қазіргі уақытта Ұлттық банк жобаны іске асыру бойынша серіктестерімен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.

Цифрлық сом – Ұлттық банк шығаратын ұлттық валютаның цифрлық нұсқасы. Ол заңды төлем құралы болып саналады және бір цифрлық сом бір қолма-қол сомға тең болады. Сонымен қатар, реттеушінің кепілдіктері арқылы қаражатты қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылған.

Азат Козубековтің айтуынша, биыл цифрлық сом бойынша пилоттық жоба туралы толық ақпарат ұсынылады. Бұл бастама Ұлттық банктің негізгі басым бағыттарының бірі саналады.

Ұқсас материалдар