Алматы. 20 маусым. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 380,97 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (382,75 теңге/$1) ұлттық валюта 1,78 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 380,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 381,07 теңге, жабылу курсы бір долларға 380,90 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 42 млн 374 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 113.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 383,5 теңге, Алматыда – 383 теңге.
Ұлттық Банктің 20 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 382,38 теңгені құрайды.