Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz - Майкл Джон Калви Baring Vostok Capital Partners компаниясының негізін салушы және басқарушы серіктесі.
1967 жылы 3 қазанда Американың Висконсин штатында дүниеге келген. Охлокома университетін бизнес бакалавры, Лондонның экономика мектебін қаржы магистрі дәрежесінде бітірген.
1994 жылға дейін Лондон мен Нью-Йоркте тұрып, Salomon Brothers инвестициялық компаниясы мен Еуропалық қайта құру және даму банкінде жұмыс істеген.
1994 жылы Ресей мен ТМД елдеріне жеке инвестиция салумен айналысатын Baring Vostok Capital Partners компаниясын құрды. Компанияның 25 жылдық тарихында Ресей, Қазақстан, Украинадағы 80 жобаға 2,8 млрд доллар инвестиция салған.
Оның ішінде Яндекс, СТС Медиа, Боржоми, Tinkoff Bank, Озон, Avito сынды ірі компаниялар бар.
Бұл компания басшылары Майкл Калвидің тұтқындалуы өздеріне әсері тимейтінін, оқиғаның ресейлік бір жобаның аясында ғана туындап отырғанын хабарлады.
Ал бірқатар қаржыгерлер мен танымал тұлғалар бүгін 2 айға қамауға алынған Калвидің адалдығы туралы айтып, оған қолдау білдіруде. Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев «жоғары білікті инвестор» деп атап, ол үшін кепіл болуға дайын екендігін білдірді. Сбербанк басшысы Герман Греф Калвиді адал адам екенін айтып, бұл «түсінбеушілік», деді. Бизнес омбдсмен Борис Титов пен Тікелей инвестициялар қорлары Ресейлік кеңесінің төрағасы Анатолий Чубайс та Калвидің қызметі арқасында Ресейге миллиардтаған доллар инвестиция салынғанын, ең құрметті инвесторлардың бірі деп атап өтті.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024