Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекет қазақстандықтарды 37 млрд теңге көлеміндегі мини-кредитпен қаржыландырады

Мемлекет қазақстандықтарды 37 млрд теңге көлеміндегі мини-кредитпен қаржыландырады

Алматы. 10 ақпан. 7kun.kz - 2017 жылы мемлекет 10 мың қазақстандыққа 37 млрд теңге көлеміндегі шағын кредиттер беріледі деп жоспарлап отыр. Бұл туралы халықты әлеуметтік қорғау және еңбек вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.

Жаңа енгізулер «Өнімді еңбекпен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту - 2021» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Осы жылға микрокредит түрінде 37 млрд теңге беру қарастырылды. Оның 27 млрд теңгесі ауыл тұрғындарына, 10 млрд теңгесі қала тұрғындарына бөлінеді. Кредит алу көлемі 18 млн теңгеден басталады. Жылына 6 пайыздық өсіммен, жеті жыл ішінде төленуі тиіс.

Кредиттің қолжетімділігін кеңейту үшін жасалған тағы бір жаңа мүмкіндік – кредитті кепілдендіру механизмін енгізу. Бұл механизм бойынша, кредит кәсібін жаңа бастағандарға 85 пайызға дейін, ал жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге 50 пайызға дейін беріледі.

Вице-министрдің сөзінше, ауылдық жерлерді және шағын қалаларды кредиттендіру ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры арқылы жүзеге асады.  Сол арқылы миркоқаржылық ұйымдардың қызығушылығын арттырады.

«Ал ірі қалаларға шағын несиені екінші деңгейлі банктер мен микроқаржыландыру ұйымдары береді»,-деп атап өтті Біржан Нұрымбетов.

Жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға 85 млрд теңге қаржы бөлінеді.

Похожие материалы