Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мемлекеттік аудиторлар 355 млрд теңгенің заң бұзушылығын анықтады

Мемлекеттік аудиторлар 355 млрд теңгенің заң бұзушылығын анықтады

Оның ішінде: 3,3 млрд теңге қаржылық заң бұзу, 287,6 млрд теңге мемлекет қаражаты мен ресурстарын тиімсіз пайдалану, 64,6 млрд теңге жоспарлау кемшіліктері.

Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі хабарлады. 

«2025 жылдың І тоқсанында 24 нысанда 4 аудиторлық іс-шара аяқталды. 5,9 трлн теңге қамтылды. 355 млрд теңгеге заң бұзу анықталды. Оның ішінде: 3,3 млрд теңге қаржылық заң бұзу, 287,6 млрд теңге мемлекет қаражаты мен ресурстарын тиімсіз пайдалану, 64,6 млрд теңге жоспарлау кемшіліктері», – делінген хабарламада.

3,3 млрд теңге қалпына келтірілуі тиіс қаржының 1 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды.

Үкіметке 32 ұсыным жолданып, аудит объектілеріне 159 тапсырма берілді. Олар толық орындалғанға дейін Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

Жалпы 2025 жылы шамамен 30 аудиторлық іс-шараны аяқтау жоспарланған.

«Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудитте стратегиялық және тәуекелге бағдарланған тәсілді нығайту тәжірибесін жалғастырады. 2024 жылдың қорытындылары көрсеткендей, сапалы бақылау – бұл тек міндетті қадағалаумен шектелмейтін, сонымен қатар бюджетке қаражатты қайтарудың, бұзушылықтардың алдын алудың және қоғамның мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттырудың тиімді механизмі», – делінген Жоғары аудиторлық палатаның хабарламасында.

Ұқсас материалдар