Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мұнай саласында 6 мың жұмыс орны ашылады ​

Мұнай саласында 6 мың жұмыс орны ашылады ​

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында биыл отын-энергетика кешенінде 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек мәлімдеді.

Оның деректері бойынша, бүгінгі таңда отын-энергетика кешенінде 1671 кәсіпорын бар, онда түрлі кәсіп бойынша 303 мыңнан астам жұмыскер жұмыспен қамтылған. 

Мұнай-газ саласында (6 мыңнан астам орын), электр энергетикасында (3 мыңнан астам орын), жаңартылатын энергия көздерінде (шамамен 3 мың орын), сондай-ақ мұнай-газ химиясында (945 орын) жұмыс орындарының өсуі күтілуде. 

2029 жылдың соңына дейін 200-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде 70 мыңға жуық жұмыс орнын кезең-кезеңімен құру көзделген.

Ұқсас материалдар