Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Жиырма жетінші ақпанға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.
Мұнай: investing.com хабарлауынша, 23:20-да Brent маркалы мұнай қоспасының мамыр фьючерстерінің құны 0,65%-ға, барреліне 65,53 долларға дейін көтерілді. Ал WTI фьючерстерінің бағасы 0,65%-ға, барреліне 55,85 долларға дейін көтерілді.
Металдар: сейсенбі күні алтын бағасы төмендеді. Нарық ойыншылары ФРС басшысы Джером Пауэллдің АҚШ Конгресінің алдында есеп беруін күтіп отыр. 23:18-де Нью-Йорктегі Comex биржасында сәуір айындағы алтын фьючерсінің бағасы 0,28% төмендеп, бір троялық унциясы 1325,75 долларға сатылды. Күміс фьючерстің құны 0,52%-ға төмендеп, бір троялық унциясы 15,748 долларға сатылды.
Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 23:13-те bitcoin 3 857,10 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 0,47%–ға арзандап, ал оның капитализациясы 67,7 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 2,15%–ға төмендеп, 137,40 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 14,4 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы – 129,8 млрд доллар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024