Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай сервистеріндегі қазақстандық үлес 35%–ға жетуі мүмкін.

Мұнай сервистеріндегі қазақстандық үлес 35%–ға жетуі мүмкін.
Алматы. 10 қазан. 7kun.kz - Қазақстандық тауарларды жергілікті мұнай-газ компанияларына жеткізу үлесі 5-7 жыл ішінде 30-35%-ға жетуі мүмкін. Бұл туралы Мұнай сервистік компаниялар одағы президиумының төрасы Рашид Жақсылықов хабарлады. Оның айтуынша, қазір бұл үлес 11%-ды құрайды, егер бүгінгі мемлекеттік қолдау шаралары тез іске асырылатын болса, бәрі де болады. «Қызметтердің түрі негізінен құрылыс-монтаж жұмыстары, онда біз басымбыз.Жобалау бойынша біз бүгінгі күні 50% деңгейіне шықтық, логистика бойынша  20%-дық деңгейдеміз», - деді Жақсылықов ОКҚ брифингінде айтты. Жақсылықов атап өткендей, Қазақстанның мұнай-сервистік секторының жыл сайынғы айналымы 2,5 трлн теңгеден астам және қызметкерлердің жалпы саны 170 мыңнан астам адамОның айтуы бойынша бүгінде мұнай-газ саласы елімізде белсенділік танытып отыр.

Похожие материалы