Нұралхан Көшеров 1984 жылы дүниеге келген. 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы бастап, 2008 - 2015 жылдары мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.
2018 жылдан 2021 жылдың 29 қыркүйегіне дейін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып жұмыс істеді. 2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.