Халықаралық "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында ауа-райына байланысты 14 рейс кейінге шегерілген. Оның 9 ұшып келіп, 5 ұшып кетуі тиіс еді.
Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша
FlyArystan-ның екі рейсі (Павлодар, Москва),
Air Astana-ның 7 рейсі (Алматы – 2 рейс, Қызылорда, Шымкент – 2 рейс, Ақтөбе, Орал) ұшып кетуі тиіс болған.
Air Astana-ның Алматыға 4 рейсі, "Аэрофлот" әуе компаниясының Мәскеуге 1 рейсі ұшпай қалған.
Желдің жылдамдығы секундына 15 метр немесе одан асқан жағдайда әуе кемелерін мұзға қарсы сұйықтықпен өңдеуге тиым салынады.
Рейстердің кешігуіне қарамастан халықаралық әуежай қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.