Оңтүстік Қазақстан облысында құны 35 млрд теңгеден асатын мүлік жария етілген. Бұл туралы мүлікті жария ету туралы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар және осы заңның мүмкіндіктері туралы болған семинарда Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбетәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды облыстық МКД баспасөз қызметі.
А.Үмбетәлиев бүгінде облыста мүлікті жария ету үшін құны 48 млрд 867 млн теңгені құрайтын 5220 өтініштер келіп түскенін, олардың 35 млрд 915 млнтеңгені құрайтын 4041 өтініштер қанағаттандырылып, мүліктер заңдастырылғанын айтты. Ал құжаттары толық болмаған құны 8 млрд 894 млн теңге болатын 726 өтініштер толықтыру үшін кері қайтарылғандығын мәлімдеді.
Сонымен қатар, облыс бойынша түрлі ұлт диаспора өкілдерінің қатысумен өткен кездесулер мен түсіндіру жұмыстардың нәтижесінде 10 азамат 6,5 млн теңгені құрайтын шет мемлекеттердегі мүлкін және 41 азамат 6 млрд теңге ақша қаражаттарын жария еткенін атап өтті.
«Заңда ақшаны жария етудің рәсімдері түбегейлі оңтайландырылған. Енді оны екі тәсілмен заңдастыруға болады. Нақтырақ айтқанда, ақшаны банк шотына салу (аудару) кезінде 10 пайыз жария ету алымын төлемейді және банк шотында тұрған ақша қаражатын кез-келген мақсатқа жұмсауға болады. Бұл жеңілдік әсіресе бизнес өкілдеріне өте қолайлы, себебі жария етілген қаржыларын өз қалауынша пайдалана алады. Сондай-ақ, бүгінгі күнге, банк шотында ақша қаражаты міндетті түрде 5 жыл сақтау шектеуі алынып тасталған», -деді А.Үмбетәлиев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024