Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz - Pokemon Go ойыны 2016 жылы шілде айында құрылды. Ойынның негізін қалаушы Niantic компаниясы жеті ай ішінде 1 млрд доллар табысқа кенелген. Бұл туралы SensorTower сараптама компаниясы хабарлады.
Бұл мобильді ойындар арасындағы рекордтық көрсеткіш. Мысалы, Supercell компаниясының Clash Royale ойыны мұндай қаражатқа он айда қол жеткізген. Ал жеті айда олар тек 550 млн доллар тапқан.
Pokemon Go шыққаннан кейін алғашқы екі айда смартфон қолданушылары арасында үлкен серпіліс болды. Ол тіпті ресми таныстырылмаған аймақтарға да тарады. Ойынның шарықтау шегі тамыз айына келеді. Оны күніне АҚШ-та 10 миллионға жуық адамдар ойнады. Ал күзге таман аудиториясы азая бастады. Қараша айының соңында ойыншылардың күнделікті саны 280 мың адам болды. Яғни аудитория 35 есеге дейін төмендеді. Бұған дейін App Annie сараптама компаниясы Pokemon Go миллиард доллар табысқа 2016 жылдың соңына таман жетеді деп есептеген. Алайда Slice Intelligence қыркүйек айында Pokemon Go-ді ақылы ойнайтын ойыншылар саны 79 пайызға қысқарғанын хабарлады. Ойынның танымалдылығы төмендегенімен олар күніне 1,5-2,5 млн доллар қаржы табады.