
Қазақстан мен Вьетнам іскер топтарының қатысуымен өткен дөңгелек үстелде Qazaq Air базасында жаңа Vietjet Qazaqstan әуе компаниясының құрылуы туралы келісімге қол қойды. Бұл SOVICO Group пен "Самұрық-Қазына" АҚ арасындағы 2023 жылдан бері айтылып келе жатқан мәміленің соңына жеткенін білдіреді.
2023 жылы Qazaq Air компаниясын вьетнамдық VietJet Air сатып алатыны жарияланған еді. Келіссөздер мен мәміленің толық жабылуына дейін 2 жылдай уақыт жұмсалды. Мәміле шарттарының бірі - Vietjet Qazaqstan сатып алуды толық аяқтағаннан кейін алдағы 5 жыл ішінде кемінде 20 Boeing 737 ұшағынан тұратын әуе паркін жасақтауы тиіс."Мәміленің барлық шарты орындалды, төлем қабылданды, ал акциялар инвестордың жеке шоттарына берілді. Аталған стратегиялық әріптестік әуе тасымалдаушы мен саланың дамуына оң әсер етуге бағытталып қана қоймай, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудың жаңа көкжиектерін ашып, өзара өсім мен өңірлік қатынастардың дамуына жол ашады.
Біз SOVICO Group пен VietJet Air компанияларының Qazaq Air-ді VietJet Kazakhstan жаңа бренді аясында басқару және операциялық қызметіне қатысу ниетін жоғары бағалаймыз. Өңірдегі маршруттық желінің кеңеюі көлік байланысын нығайтып, жаңа экономикалық өсу нүктелерін қалыптастырады. Енді біз ауқымдырақ және бір-бірімізге жақынырақ боламыз", - деді Нұрлан Жақыпов.
Vietjet туралы ақпарат:
Вьетнамның ең ірі жекеменшік әуе компаниясы. Vietjet әлемдегі жалғыз авиациялық қауіпсіздік пен өнім сапасы рейтингін жүргізетін AirlineRatings.com сайты тарапынан қауіпсіздік бойынша ең жоғары 7 жұлдызды баға алды. Сонымен қатар, бірнеше жыл қатарынан Airfinance Journal басылымының қаржылық тұрақтылық пен операциялық тиімділік бойынша әлемдегі 50 үздік әуе компаниясы тізіміне енді. Vietjet сондай-ақ Skytrax, CAPA, AirlineRatings және басқа да беделді ұйымдар тарапынан «Үздік лоукостер» атағына, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) толыққанды мүшесі және IATA операциялық қауіпсіздік аудиті (IOSA) сертификатына ие.
2025 жылдың бірінші тоқсанындағы күшті қаржылық нәтижелерінt cүйенсек, компанияның салыққа дейінгі дейінгі кірісі шамамен 32,1 миллион АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға өсті. Тасымалдаудан түскен табыс 690 миллион долларға жеткен.