Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығаруға тыйым салуды енгізу туралы» бұйрық дайындады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге әкетуге үш айға тыйым салу енгізілсін», - делінген құжатта.
Жоба Қазақстаннан пияздың жаппай экспортына жол бермеу және оның бағасын тұрақтандыру үшін үш ай мерзімге пияз экспортына тыйым салу туралы Сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімін іске асыру шеңберінде әзірленді.
Құжат Ашық НҚА веб-сайтында 2023 жылдың 24 қаңтарына дейін орналастырылған.
17 қаңтарда Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия үш ай мерзімге пияз экспортына тыйым салу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Атап айтқанда, бұл үшінші елдерден қазақ пиязына деген сұраныстың асқынуына байланысты. Мысалы, Азиядағы және әлемдегі ең ірі пияз өндірушілердің бірі Пәкістандағы табиғи апаттармен байланысты. Бұл елдегі су тасқыны пияз бағасының жаһандық өсуіне, соның ішінде біздің республика нарығында да себеп болды.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024