Алматы. 22 қазан. 7kun.kz – Еліміздегі ең жоғары сұранысқа ие мамандықтардың көш басында әлі де есепшілер мен заңгерлер тұр. Олардың Қазақстандағы орташа айлық жалақысы 157 мың теңге. Алайда жұмыс берушілер оларға айына 283 мың теңге төлеуге даяр, - деп хабарлайды Еnergyprom.kz.
Аталмыш салалардағы қызметтің деңгейі алғашқы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 58%-ға өскен.
Жарты жылдың қортындысы бойынша есепшілік пен заңгерлік салада қазақстандықтарға 51,9 млрд теңгенің қызметі көрсетілген. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 57,6%-ға артық көрсеткіш.
Көрсетілген қызметтердің саны жағынан Алматы қаржы орталығы (ҚР-дағы қызметтердің 71,5%-ы) көш бастап тұр. Сонымен бірге, жалпы қызметтердің 18,6 пайызын астаналық есепшілер мен заңгерлер көрсеткен.
Көрсетілген қызметтердің ішінде ең сұранысы жоғары - аудиторлардың қызметі. Жалпы, қызметтердің 32,2%-ын (16,7 млрд теңге) аудиторлар көрсеткен. Сонымен бірге, қызметтердің 24,1%-ы шот құру мен бухалтерлік есеп қызметіне тиесілі. Ал 10,4 млрд теңгенің заңгерлік кеңесін жүргізген адвокаттарға жалпы қызметтердің 20%-ы келіп отыр.
Жалпы, Қазақстандағы жұмыс берушілердің жартысына жуығы (49,6%-ы) әлеуетті қызметкердің кем дегенде бір жылдық өтілі болғанын қалайды. HeadHunter порталының талдауына сүйенсек, жұмыс алдындағы сауалнамаға көп жағдайда 3 жылдық өтілі бар, толық жұмыс күнінде еңбек ете алатын адамдарды шақырады. Жұмыс өтілі 3 жылдан 6 жылға дейінгі мамандарды ұжымдағы HR-мамандардың 26%-ы көргісі келеді. Бұрын еш жерде еңбек етпеген адамды жұмысқа алуға жұмыс берушілердің 18%-ы ниетті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024