Алматы. 10 шілде. 7kun.kz — Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлайды.
"2019 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда абаттандырылмаған тұрғын үйлерді сату бағасы 0,6%-ға, абаттандырылған тұрғын үйлерді сату – 0,5%-ға, жаңаларын сату - 0,1%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы 0,3%-ға жоғары болды", - делінген хабарламада.
Статистика комитетінің мәліметінше, жаңа тұрғын үй сату бағасы 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2019 жылдың маусымында 2,4%-ға артты.
Жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы да бір айда 0,1%-ға артып, 282,5 мың теңге болды. Абаттандырылған тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы 193 мың теңгені, ал абаттандырылмаған тұрғын үйдің бағасы 120 мың теңгені құрады.
Сондай-ақ, Статистика комитетінде тұрғын үй нарығындағы бағаларды бақылау Нұр-Сұлтанда, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және құрылыс компанияларын қоса алғанда, қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операциялар жасайтын ұйымдардың іріктелген тобы бойынша облыс орталықтарында жүзеге асырылатынын айтты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024