Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылы Қытайдың еншілес банктері активтерінің жиынтық көлемі 2017 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 3,2 есеге өсті, несие қоржыны 6,1 есеге артты, деп хабарлайды Ranking.kz.
Қытайдың еншілес банктері активтерінің жалпы көлемі 2018 жылдың соңында 938,1 млрд теңгені құрады. Үлес бір жыл ішінде сектордың жиынтық активтерінен 1,2%-дан 3,7%-ға дейін өсті.
Қазіргі таңда ел нарығында Қытайдың 3 еншіліе банкі бар: Altyn Bank, Қазақстандағы Қытай Банкі және Алматыдағы Қытай ТПБ.
Еншілес банк активтерінің айтарлықтай өсуі қытайлық CITIC банкінің «Алтын Банк» АҚ-ның 60%-ын Халық Банкінен сатып алуымен байланысты.
Айта кетейік, Қытайдың 3 еншілес банкінің несие қоржынының жиынтық көлемі 2018 жылдың соңында 233,1 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылға қарағанда 6,1 есе көп.
Қытайдың еншілес банктері кредиттерінің үлесі ҚР ЕДБ-дан бір жыл ішінде 0,3%-дан 1,7%-ға дейін өсті.
Аталған банктердің мерзімі өткен кредиттерінің көлемі 2018 жылдың соңында 2,7 млрд теңген болды.
Төлем мерзімі 90 күннен асқан кредиттер көлемі 1,5 млрд теңгені, бір жыл бұрын — 770,9 млн теңгені құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024