Алматы. 10 шілде. 7kun.kz – 2019 жылғы маусымда қазақстандық мұнай 2,4%-ға қымбаттады (2019 жылғы мамырмен салыстырғанда) және тоннасына 62,9 мың теңгеге жетті.
Сонымен қатар, жыл басынан бері мұнай бағасы 4,4%-ға төмендеді.
Статистикалық комитеттің мәліметтеріне сәйкес, маусым айында Қызылорда мұнайы қымбат болды. Осы өңірден алынған шикізаттың тоннасы 86,5 мың теңгеге (0,9% -ға өсті) бағаланды.
Өз кезегінде Ақтөбе мұнайы жыл басынан бері 1%-ға (тоннасына 77,4 мың теңгеге дейін) қымбаттады, Маңғыстау мұнайы – 2,6%-ға (тоннасына 56 мың теңгеге дейін), ал Атырау мұнайы – 6,5%-ға (тоннасына 61 мың теңгеге дейін) арзандады.
Сонымен қатар, өткен айда бір тонна бензин орташа есеппен 129,7 мың теңгені құрады. Бір ай ішінде отын 0,3%-ға (351 теңгеге) қымбаттады. Алты ай ішінде жанар-жағармайдың тоннасы 11,8%-ға арзандады.
Дизель отыны жарты жылда 1,1%-ға 172 мың теңгеге дейін қымбаттады, ал мазут бағасы 0,4%-ға 72,8 мың теңгеге дейін төмендеді.