Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық төрт банк бірлескен мәлімдеме жасады

Қазақстандық төрт банк бірлескен мәлімдеме жасады

Осы аптада бірқатар қазақстандық банктердің қауіпсіздік қызметі қылмыстық мақсатпен клиенттердің банктік мәліметтерін заңсыз алуға талпыну әрекеттерін анықтады. Бұл туралы банктердің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қаскөйлер банк қызметкерлерінің атынан қазақстандықтардың электронды пошталарына төлем карталарында көрсетілген мәліметтерді - карта иесінің аты-жөні, жарамдылық мерзімі, қорғаныш кодын беру туралы хат жіберген. Электрондық хаттарды жіберу барысында қаскөйлер өз пошталарына банктердің домендік аттарын пайдаланған, мысалы - @kaspi.kz, @eubank.kz, @homecredit.kz немесе @centercredit.kz. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:  банктер клиенттерден электронды пошта арқылы төлем картасының мәліметтерін ешқашан сұрамайды! Бұл мәліметтер банктік құпия туралы заңмен қорғалған мәліметтер қатарына жатады. Егер Сіз электронды пошта арқылы қандай да бір банктен төлем картасының мәліметтері немесе басқа да құпия ақпараттарды сұрап, белгілі бір формаларды толтыруды өтінген хат алсаңыз, оған жауап бермеңіз. Карталарының мәліметтерін жіберіп, алаяқтарға алданып қалған клиенттер болса бірден өз банктеріне хабарласып, картаны құлыптап, жаңа карта шығаруға өтініш беруі қажет. Kaspi Bank клиенттері карталарын Kaspi.kz сайтындағы жеке кабинетінен бірден бұғаттай алады. Немесе 9999 нөміріне хабарласу қажет. Мұны қалай жасау керектігін толығырақ мына роликтен көре аласыздар: https://youtu.be/UG-CpV39nBM Евразиялық банктің клиенттері 7722 нөміріне хабарласып немесе Smartbank интернет банкинг қызметі арқылы карталарын бірден бұғаттай алады. Мұны ұялы байланыс қосымшасы арқылы да жүзеге асыруға болады. Хоум Кредит Банк карталарын ұстаушылар 7373 нөміріне хабарласу арқылы карталарын бұғаттай алады. Банка ЦентрКредит Банкінің клиенттері карталарын  «Starbanking» ұялы және web-қосымшасының көмегімен және Авторазициялау орталығының 7 (727) 2447777 нөмірі арқылы бұғаттауына болады

Похожие материалы