Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz — 2019 жылдың наурыз айында қазақстандықтар нетто-негізде 160,5 млрд теңгеге қолма-қол шетел валютасын сатып алды, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Реттеушінің мәліметтеріне сәйкес, қазақстандықтар ең көп доллар сатып алды - 53% немесе 85 млрд теңге. Рубльдің сатылымы 29,4% немесе 47,3 млрд теңгені, ал еуро 27,8 млрд теңгені немесе 17,4%-ды құрады.
«2019 жылдың ақпан айымен салыстырғанда, бұл шығындар 19,4% -ға төмендеді. Валюта түрлері бойынша бөле отырып, доллар сатып алу 26,9%-ға, Еуро – 9,5%-ға, рубль - 8,3%-ға қысқарды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, айырбастау пункттерінің 2019 жылғы қаңтар-наурызда қолма-қол шетел валютасын нетто-сатудың жалпы көлемі (502,3 млрд теңге) өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 9,3%-ға артты (2018 жылғы қаңтар-наурызда-459,4 млрд теңге).
Бұдан басқа, Ұлттық Банк 2019 жылғы наурызда теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 375,90– 380,06 теңге аралығында өзгергенін атап өтті. 2018 жылғы наурыздың соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 1,4%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 380,04 теңні құрады.
«Теңге-АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 11,0 млрд доллар (бір айда 28,7%-ға азаю), оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 2,1 млрд доллар (22,5%-ға азаю), биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 9,0 млрд доллар (29,9%-ға азаю) болды», - деді Ұлттық банкте.
Сонымен қатар, жеке капиталды валюталық тәуекелдерден хеджирлеуге байланысты бір еншілес банк операцияларының көлемі 2019 жылдың ақпанымен салыстырғанда 8,4%-ға азайып, 6,7 млрд долларды құрады.
« Бұл ретте, олардың биржадан тыс сауда-саттықтардың жалпы көлемінен үлесі 74,9%-ды құрады (2019 жылғы ақпанда 57,3%). Аталған операция ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс немесе ұсыныс көлеміне әсер етпейді», - деп түсіндірді қаржы реттеушісі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024