Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ресей тарапынан транзитке қатысты ешқандай мәселе жоқ – Министрлік

Ресей тарапынан транзитке қатысты ешқандай мәселе жоқ – Министрлік

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ресей тарапынан транзитке қатысты ешқандай мәселе жоқ екенін атап өтті. 

  2025 жылғы қаңтарда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Ресей Федерациясының министрі Оксана Лут арасындағы келіссөздер барысында Қазақстаннан Ресей Федерациясы арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мәселелері шешілді.

Россельхознадзор тарапынан шектеулердің алынып тасталуына қатысты сұраққа жауап бере отырып, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ресей тарапынан транзитке қатысты ешқандай мәселе жоқ екенін атап өтті.

– Қазіргі уақытта Ресейге бидай, жасымық және майлы дақылдарды импорттауға уақытша шектеулер қойылған. Алайда, бұл өнім түрлері бойынша Ресей өз қажеттіліктерін толық қамтамасыз еткендіктен, ресейлік нарық қазақстандық өндірушілер үшін мақсатты нарық болып табылмайды, – делінген АШМ хабарламасында.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті мен Россельхознадзор өкілдерінің қатысуымен жағдайды реттеу бойынша келіссөздер тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Ұқсас материалдар