Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Робот – сот орындаушысы» азаматтарды 600 млн теңге үнемдеді

«Робот – сот орындаушысы» азаматтарды 600 млн теңге үнемдеді
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов халыққа заң көмегін көрсету үдерістерін жетілдірудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі. 

«Робот – сот орындаушысы» жобасын іске қосу арқылы аталған цифрлық шешімді қолдану нәтижелері қаралды. Мәселен, робот іске қосылған 2024 жылдың тамыз айынан бері 125 мыңнан астам құжат орындалған. Ал, рәсімдерден өту кезінде азаматтар 600 млн теңгеден астам қаражат үнемдеген.

 Премьер-министр Әділет министрлігіне атқару құжаттарының оңайлатылған тәртіппен орындауға болатын тізбесін кеңейтуді тапсырды, бұл – сот актілерін орындаудың тиімділігін арттырады.

Ұқсас материалдар