Алматы. 24 маусым. 7kun.kz — Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасындағы оқ-дәрі жарылысы әлі жалғасуда, сондықтан өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісе алмай тұр.
"Жоқ әлі (жарылыстар тоқтаған жоқ). Жоқ (қоймадағы өртті сөндіруді бастаған жоқ), онда қалай жетуге болады? Онда жарылыстар, біздің бөлімшелер өртті сөндіре алмайды, себебі бұл қауіпті", - деді Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Оның айтуынша, барлық әскерилер бөлімнен шығып кетті.
"Онда ешкім жоқ, барлығы көшірілді. Көпшілігі өздері эвакуацияланды. Көшірілгендердің саны бойынша мәліметтер жоқ, біздің барлық күш - жігеріміз адамдарды жақын елді мекендерге шығаруға бағытталған", - деп түсіндірді Нұрахметов.
Сондай-ақ, арнайы өкіл полиция мен Ұлттық гвардияның жауынгерлері тонаушылыққа жол бермеу үшін оқиға аумағын қоршап алғанын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең Арыс қаласында орналасқан №44856 әскери бөлімінің қоймасында жарылыс болып, өрт басталды. Түркістан облысының билігі аймақта төтенше жағдай жариялап, 45 мыңға жуық адамды құрайтын Арыс халқын көшіруді бастады.
Дәрігерлер қазіргі уақытта 20-дан астам адам зардап шеккенін хабарлады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024