Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Руслан Берденовтің ауруханадағы суреті жарияланды

Руслан Берденовтің ауруханадағы суреті жарияланды

фото: instagram.com/margulan_seissembai

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай қастандық жасалып, ауруханада жатқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің суретін жариялады. Бұл оның қастандық жасалған уақыттан бергі бірінші суреті. 

«Нағыз патриот, менімен бұрын жұмыс істеген, адал әрі тәртіпті адам Руслан Берденовты көруге бардым. Ол мен жеке танитын жалғыз саясаткер және мен оны адалдығы үшін құрметтеймін. Жақында оған қастандық жасалды, бірақ Аллаға шүкір, ол ғажайыппен аман қалды. Қазір оның жақсы денсаулығы жақсы және көңіл-күйі көтеріңкі. Барлығының жақсы болғанына қуаныштымын!», деп жазды Сейсембай.

Айта кетейік, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында Руслан Берденов атылған оқтан жарақат алды. Күдікті Ернар Жиембай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалған.

26 сәуірде белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау әлеуметтік желіде «Құдайға шүкір, Руслан Берденов досымыз сөйлеп, 9-10 қадам жүре бастады. Жағдайы күннен күнге жақсарып келеді. Тілеулес болған баршаңызға алғыс айтамыз», – деп жазды.

29 сәуір күні Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Берденовтің қазіргі жағдайы туралы ақпарат беріп, «Төрт сағатқа созылған медициналық көмек көрсетіліп, науқасқа ота жасалды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, өз бетімен жүріп-тұра алады. Алайда, әлі де дәрігерлердің бақылауында», – деп хабарлаған еді.

Марғұлан Сейсембай жариялаған суретте Руслан Берденовтің жағдайы оңалып келе жатқанын, өміріне ешқандай қауіп жоғын көруге болады.

 

Ұқсас материалдар