Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сәуірде Алматы-Астана-Қарағанды бағытындағы әуесапар ашылады

Сәуірде Алматы-Астана-Қарағанды бағытындағы әуесапар ашылады

2015 жылдың 3 сәуірінен бастап Қазақстанда ішкіреспубликалық "Алматы - Астана - Қарағанды" бағытындағы жаңа әуесапары қызмет көрсете бастайды.

"Алматы - Астана - Қарағанды" әуесапарында Bek Air әуекомпаниясы Fokker 100 жолаушы тасымалдайтын ұшағымен қызмет көрсетпек. Ұшу жиілігі аптасына екі рет. Әуекомпанияның алдағы уақыттағы жоспарының ішінде әуесапарды күнделікті ету.

Қарағандыдан Астанадаға ұшу бағасы - 6996 теңге. Ұшу уақыты - 30 минут.Ал, Қарағандыдан Алматыға жолаушылар 1 сағат 25 минутта жете алады. Ең төменгі тариф құны - 10 996 теңге.

"Алматы - Астана - Қарағанды  бағытындағы әуесапары Қазақстанның орталық бөлігі мен батыс бөлігін байланыстырады деп күтілуде. Осы рейспен Астанада тоғысып, Ақтөбе, Атырау және Ақтауға жетуге болады.

 

Похожие материалы