
Америкалық делегацияны мемлекеттік хатшы Марко Рубио және АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц бастап келді.
АҚШ-тың мәліметінше, келіссөзде «бейбітшілік келісімі мен соғысты тоқтатудың негізгі шарттары» талқыланады.
Киев әуеде және теңізде атысты тоқтатуды, ұшқышсыз ұшақтар мен алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарға тыйым салуды, сондай-ақ Қара теңіздегі әскери әрекеттерді тоқтатуды ұсынып отыр, деп жазады DW.
Киев әуеде және теңізде атысты тоқтатуды, ұшқышсыз ұшақтар мен алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарға тыйым салуды, сондай-ақ Қара теңіздегі әскери әрекеттерді тоқтатуды ұсынып отыр, деп жазады DW.
Киев делегациясынан Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, сыртқы істер министрі Андрей Сибига және қорғаныс министрі Рустем Умеров қатысуда.
Айта кету керек, Зеленскийдің командасы 28 ақпандағы Вашингтонға сәтсіз сапарынан кейін елдер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға тырыспақ.