Соғыстың басталғаннан кейін Ресейден 650 мыңға жуық адам кетіп, қайтып оралмады. Қазақстан елінен ауа көшкен реселіктер көбірек қоныстанған елдердің үштігіне кіреді. Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген The Bell хабарлады.
«2022 жылы Украинамен соғыс басталып, мобилизация мен келіспеушіліктерге қарсы жаппай репрессиялар жүздеген мың ресейліктерді елден кетуге мәжбүр етті. Билік сол кезде «қорыққан» көптеген адамдардың қайтып оралуға үлгергенін алға тартып, соңғы эмиграция толқынының саны туралы мәліметтерді ашпайды. Біз бұл жағдайды түзетуді жөн көрдік. Соғыс басталғаннан кейін екі жарым жыл өткен соң және қабылдаушы елдермен үлкен көлемде деректер жарияланғаннан кейін, Ресейден кетіп, қайтып оралмаған кем дегенде 650 мың адам бар екені анықталды», деп жазады The Bell.
Сайттың хабарлауынша Ресейден көшіп барғандар саны бойынша көшбасшы елдер арасында визасыз бағыттар - Армения (110 мың адам), Қазақстан (80 мың), Грузия (74 мың адам). Израиль де танымал бағыттардың қатарына енді, ол жаққа шамамен 80 мың ресейлік репатриацияланды. АҚШ-қа 48 мың ресейлік қоныс аударған.
Еуропа елдері арасында статистика бойынша ресейліктер жиі қоныс аударған елдер:
- Германия (36 мың ресейлік азамат бар);
- Испания (16 мың);
- Нидерланды (12 мың);
- шамамен 30 мың ресейлік Сербияға қоныс аударды.
Тағы бір танымал эмиграциялық бағыт – Түркия, соңғы уақытта ресейліктердің айтарлықтай санын тіркеп отыр. Оларға тұрғылықты тұруға рұқсатты ұзартпайды, ал ұзаққа созылған экономикалық дағдарыспен күресе алмай отырған елде өмір сүру қымбаттай түсуде. Алайда, 2022 жылдың басымен салыстырғанда шілде айындағы мәліметтер бойынша, түрік елінде тұруға рұқсаты бар ресейліктердің саны 28 мыңға өскен.