ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар автожолдарда су басу қаупі жоғары учаскелерді белгілеу жұмыстарын бастады.
Осы мақсатта жол бойына арнайы ақпараттық паннолар орнатылуда. Мекеме мәліметінше, мұндай белгілер жүргізушілерге жолдың жүріс бөлігін су шайып кету қаупі бар екенін алдын ала ескерту үшін қажет.
Осыған байланысты жүргізушілерге:
– қозғалыс жылдамдығын төмендету;
– қауіпсіз арақашықтықты сақтау;
– қауіпті учаскелерден өткенде барынша мұқият болу ұсынылады.
Сондай-ақ жол бойында орнатылған ескерту белгілері мен ақпараттық тақтайшаларға ерекше назар аудару қажет.
«ҚазАвтоЖол» өкілдері бұл талаптарды сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жалпы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетінін атап өтті.





