Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Светқали Нұржан, ақын: Айдың, күннің аманында ұлтымыздың амандығын тілейміз

Светқали Нұржан, ақын: Айдың, күннің аманында ұлтымыздың амандығын тілейміз

Алматы. 17 қазан. 7kun.kz – Белгілі ақын Светқали Нұржан 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz

Басымыздан небір қиын-қыстау заман өтті. Сол заматтан құртылмай, елдің бетінен сүртілмей аман жеттік. Айдың, күннің аманында бар тілейтінім – ұлтымыздың амандығы. Жан-жақтан анталаған күштеріннің ықпалы ілінбей, еліміздің аман қалуын ойлауымыз керек.

Осы күнде ұлттық сана, тарихи сана, эпикалық сана деген сананың түрлері бар. Олардың бәрі бірмен-бірі байланысты. Егер біз осы сананы ұрпағымыздың тамырында тірілте алмасақ, өміріміздің бәрі бекер. Себебі, онсыз болашақ болмайды.

Оған дәлел – кешегі елдегі өткен саммит, Рим папасының келуі, Ұлытауда ұлы құрылтайдың өтуі. Құрылтай – ұлы миссияның жалғасы. Біле білсек, Ұлы жібек жолына осы жақтан аттанған. Тіпті, Кенесары ханды қазақтың алдына шығаратын ұлы құрылтайда осында өткен. Сол сияқты тәуелсіздіктің тағдыры тағы бір тірелді. Бұл – «Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстан» деген үміт. Осының бәрі соның табалдырығын аттардағы саяси тұрғымызды бекіту үшін жасалған дүние.

Мысалы, президенттік сайлауды жеке басқа табынушылықты сылып тастаудың өзі үлкен жеңіс. Осының ізімен басқа табынушылықтың кесірімен сіңген бүкіл күбірткелі жаралардың бәрі суырылып алынады. Ол рухани, діни, тіни, экономикалық, саяси қарай тараптан болсын бәрі тазаланады. Ендігі мәселе – өкшені тіреп алып, шын іске кірісетін уақыт жетті. Әрине, Президент осы мақсатта жақсы дипломатиялық ұстанымды негіз етіп отыр. Бұл – ел тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін де маңызды.  Оның бәріне уақыт төреші. Сондықтан қазір  Президенттен бастап, кез келген өзін қазақ сезінетін перзенттің қасиетті парызы – Отанды қорғап қалу! Осыны ұмытпауымыз керек!

Похожие материалы