Түркия наурыз айынды тұтқынға түсіп, кейінірек қайтыс болған прокурордың суреттері пайда болған әлеуметтік желілерді бұғаулап тастады деп хабарлайды Bloomberg агенттігі. "Ведомости" басылымының жазуынша дүйсенбі күні түрік қолданушылары әлеуметтік желілерге кіруде қиындық туып жатқандығын айтқан.
Түркия презденті Реджеп Тайып Эрдоғанның баспасөз-хатшысы Ибрагим Қалынның мәлімдеуінше, прокуратура суреттердің таралуын террористік насихат деп тауып, провайдерлерге Facebook, Twitter және YouTube-ті бұғаулап тастау туралы ұсыныс қағазын жіберген. "Прокуратура электронды БАҚ-тан да суреттерді өшіріп тастауды талап етеді", - деп мәлімдеді Калын.
Эрдоғанның баспасөз-хатшысына сілтеме жасаған РИА Новости "Facebook, Twitter және YouTube-қа шектеу салуды сөз бостандығына қиянат жасады деп ұқпау керек" деп жазады. Ал Түркиядағы мемлекеттік Anadolu жаңалықтар агенттігі Сириядағы интернет-провайдерлер Одағына сілтеме жасай отырып, көптеген қолданушылар үшін Twitter мен YouTube-қа кіруге шектеу қойылғанын хабарлайды. Агенттіктің ақпараты бойынша, әлеуметтік желілер суреттерді өшіруден бас тартқаннан кейін бұғауланып тасталған.
Бұғаулап тастау туралы жаңалықтың негізінде Түркиядағы ең ірі мобильді оператор Turkcell-дің Стамбул биржасындағы акциялары 1,8%-ға төмендеді.
Айта кетейік, 31 наурыз күні Стамбулда тұтқынға алынған прокурор Мехмет Селим Кираз арнайы операция кезінде босатылып, 1 сәуір күні қайтыс болды. Оны тұтқында ұстаған "Революциялық халықтық босату фронтының" экстремистері операция кезінде өлтірілді. Оған дейін олар маңдайына тапанша тақалған прокурордың суретін интернетке салып үлгерген.
Жергілікті БАҚ-тар прокурорға қастандық жасалуына оның 2013 жылғы антиүкіметтік шерулер кезінде ауыр жарақат алған жасөспірім Беркин Эльванның ісін қарауы себеп болды деп жазады. Жеткіншектің басына полицей лақтырған газды құты тиіп, 9 ай бойы комада жатып, есін жимастан 2014 жылдың 11 наурызында қайтыс болды. Экстремистер "Эльванның өліміне қатысы барларды халықтық сотпен жазалап, тікелей эфирде телекамералар алдында кінәсін мойындатуды" және бұрынғы антиүкіметтік наразылық акцияларының қатысушыларын босатуды талап еткен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024