Қазақ тағамтану академиясының өнімі "Амиранның" отандық тауарлар қатарын толтырғанына көп уақыт болған жоқ. Академиядағылар барлық өнімдердің қоспасыз, тек қана зауыт фермасындағы сиырлардан сауылған сүттен жасалады. Тағамтану саласындағы үздік технологиямен дайындалатын "тірі" өнім дүкен сөрелерінде де ұзақ тұрмайды. "Амиранның" тарихы қандай? Бұл зауыттың ашылуына не және кім ықпал етті? "Брендтер тарихы" айдары кезекті отандық өнім жайлы айтып береді.
Бүгінде «Амиран» Қазақ тағамтану академиясының зауыты қаймағы алынбаған сүттен балаларға арналған сүт өнімдерін дайындайтын бірінші зауыт саналады. Бұл – «тірі» өнім, себебі ешқандай қоспаларсыз және қалпына келтірілмеген, таза табиғи тауар. Осындай шикізатты пайдалана отырып, өндіріс барысында өнімді дәрумендер және пайдалы микроағзалармен байытады. Микроағзалар зауыттың өзінде арнайы зертханаларда өсіріледі. Олар ас қорытуға көмектеседі және зиянды микрофлорасын жояды.
Қазақ тағамтану академиясының зерттеулеріне сүйенсек, олар зат алмасуды жақсартады, иммунитетті жоғарылатып, балалардың арасында көп таралған түрлі аурулардың пайда болуына кедергі болады.
Өнім 6 айлық бала мен 18 жас аралығындағы ағзаға жетіспейтін заттардың орнын толтырады. Одан бөлек, балалардың физикалық және интеллектуалдық тұрғыда қарқынды дамуына ықпал етеді. Алты айдан асқан балаларға арнап зауыт 5 түрлі өнім дайындап шығарады. Оның ішінде ботқа дайындауға арналған балалар сүтін және қышқыл сүт өнімдерін, балалар йогуртын, түйіршікті сүзбе мен сүзбе пастасы бар.
Сонымен қатар, үлкендерге арналған 15 түрлі тауар өндіреді. кілегей, сүзбе, сүт сарысуын, қаймақ та соның құрамында. «Амиран» күн сайын нарықты 12 т сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырады.
2006 жылы Алматы қаласы мен облысы зауыт-фабрикалар көп шоғырланғандықтан, экологиялық тұрғыда өмір сүруге тиімсіз аумақ деп танылған болатын. Осы жылдары
балалардың сырқаттану көрсеткіші жыл санап өсіп келе жатқаны байқалғандықтан, 2010 жылы Қазақ тағамтану академиясының «Амиран» атты зауыты іске қосылды.
Зауыттың негізгі мақсаты – балалар мен ересектерді сапалы, консерванттарсыз, «тірі» сүт өнімдерімен қамтамасыз ету. Сондықтан бұл – әлеуметтік мәселелерді шешуге негізделген жоба.
Негізінен зауыт тарихы 50 жыл бұрынғы сүт өнімдері асханасынан басталған болатын. Оны ұйымдастырған да қазіргі Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов еді. «Ерен еңбегі үшін» медалі Шармановқа осы асхананы аяққа тұрғызғаны үшін берілген.
Кейіннен сүт өнімдері асханасы барлық Қазақстанды қамтыды. 2011 жылға дейін жұмыс істеп келген "шағын-зауыт" сол асхананың негізінде іске қосылған. Уақыт өте оның орнын экологиялық таза ауданда орналасқан заманауи технологиямен жабдықталған зауыт алмастырды. Зауыттың салынуына 1 млрд 300 млн теңге жұмсалған. «Тірі» сүт өнімдерін жасау технологиясының авторы Т.Шарманов өз арманының жүзеге асуы үшін зауыт құрылысына жерін бөліп берген.
2015 жылы «Амиран» Қазақ тағамтану академиясының зауыты» ЖШС Алматы қалалық «Асыл алма» конкурсының «тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша жеңімпазы. 2014-15 жылдары KAZAKHSTAN FOOD MARKET ұлттық көрмесінде «Амиранның» 4 өнімі Алтын медальмен марапатталған. «Амиран» Қазақ тағамтану академиясының зауыты» ЖШС «WORLDFOOD 2013» тағамдар мен сусындардың кәсіби дегустациясында балалар йогурты, балаларға арналған қышқылды сүт және сүзбе пастасы өнімдері 1-орынды жеңіп алған.
Камила ДҮЙСЕНОВА, "7"
Похожие материалы
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024