Экономика
Тоқаев Ашхабадта өтетін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысады
Нұр-Сұлтан. 27 маусым. 7kun.kz – 29 маусымда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
27 маусымда Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізеді. Ал 30 маусымда президент Ақорда резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізеді.
«Каспий бестігіне» – Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан, Иран және Түркіменстан кіреді. Бұған дейін Кремльдің баспасөз қызметі Владимир Путиннің Ашхабадтағы саммитке қатысатынын хабарлады.
Саммит 2021 жылға жоспарланған болатын, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты ол кейінге шегерілген еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024