Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев сайлауда 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті

Тоқаев сайлауда 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті

Астана. 21 қараша. 7kun.kz – Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала нәтижесін  жариялады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Сайлауға құқылы 11 953 465 адамның 8 300 046-сы немесе 69,44%-ы дауыс берген. Сайлауға түскен кандидаттардың ішінде ең көп дауысты Қасым-Жомарт Тоқаев жинады.

Президенттікке үміткерлер келесідей дауыс жинады:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев (Халықтық коалиция атынан) – 81,31% немесе 6 456 392 адам;
  • Мейрам Қажыкен ( "Аманат" республикалық кәсіподақтар бірлестігі) – 2,53% немесе 200 907 адам;
  • Жигули Дайрабаев ("Ауыл" партиясы) – 3,42% немесе 271 641 адам;
  • Қарақат Әбден ("Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі) – 2,6 % немесе 206 206 адам;
  • Салтанат Тұрсынбекова ("Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі) –2,12 % немесе 168 731 адам;
  • Нұрлан Әуесбаев (Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы) – 2,22 % немесе 176 116 адам дауыс берді.
  • Сайлаушылардың 460 484-і немесе 5,8 пайызы барлығына қарсы дауыс берді.

«Қазақстанның барлық аймағындағы, шетелдегі барлық сайлау учаскесінде дауыстарды санау аяқталды», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Айта кетейік, 20 қарашада Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлау өтті.

Похожие материалы