Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Трамп: Путинмен кездесудің нәтижесін алғашқы минуттарда білемін

Трамп: Путинмен кездесудің нәтижесін алғашқы минуттарда білемін

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесуінің алғашқы бірнеше минутында-ақ бұл кездесудің сәтті болатынын және жақын болашақта бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін боларын түсіне алады.

«Мен екі, үш, төрт немесе бес минуттың ішінде бұл кездесудің жақсы не жаман болатынын білемін», – деді Трамп Ақ үйде журналистерге.

АҚШ президенті егер кездесу сәтсіз болса, ол өте тез аяқталатынын, ал егер сәтті өтсе, «жақын болашақта бейбітшілікке қол жеткізетінімізді» атап өтті.

Трамптың пікірінше, егер АҚШ президенті өзі болмаса, Ресей тарапы келіссөздерге емес, «Украинаның барлығын алуға»бағытталған болар еді.

Ұқсас материалдар