Бұған дейін Hürriyet газеті Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглудың пікіріне сүйеніп, Instagram-нан бұғаттың алынатыны туралы хабарлаған.
«Инстаграм өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, біздің талаптарымызды қанағаттандыруға келіскеннен кейін, сенбі күні сағат 21:30-да әлеуметтік желіге кіруді бұғаттан шығара бастаймыз», - деген еді министр.
10 тамыз күні бұғаттаың толық алынғаны белгілі болды.
Айта кетейік, Түркия билігі 2 тамыздан бастап Instagram желісіне тыйым салды. Statista мәліметінде Түркия Instagram қолданушылары саны жағынан Үндістан, АҚШ, Бразилия, Индонезиядан кейін 5-ші орынды алады. Елде 57 миллион қолданушысы бар.
Хүрриет газеті Түркиядағы 85 миллион адамның 60-70 пайызының Instagram аккаунты бар екенін жазады.