Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - "Цеснабанктің" директорлар кеңесі 2017 жылдың 24 наурызында банктің қарапайым акцияларын қор биржасына шығару туралы шешім шығарды. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
Бір ғана қарапайым акцияның құны 2 мың теңгені құрайды.
Банк өзінің 1 млн 050 мың қарапайым акцияларын шығаруды жоспарлап отыр. Банк таратқан хабарламада "Банктің акционерлері өз акцияларымен теңдей көлемде акция алуға құқы бар. Осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күн ішінде акционерлер банктің шығарылған акцияларын сатып алуға өтініш тастай алады" делінген.
Банк акционерлері акцияларды сатып алу мерзімі аяқталған соң, барлық сатылмай қалған акциялар KASE-ге 2017 жылдың 30 мамырына дейін аукцион арқылы ашық саудаға шығарылады. Ол жерде инвесторларда шектеу болмайды.
Аукцион арқылы өтпеген акциялар шектеусіз инвесторлар арасында жазылым арқылы шығарылады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024