Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлыбританияда үй бағасы тағы рекордтық көрсеткішке жетті

Ұлыбританияда үй бағасы тағы рекордтық көрсеткішке жетті

Ұлыбританияда тұрғын үй бағасы сәуір айында (наурыз айымен салыстырғанда) 1,3%-ға өсіп, 307 мың фунт стерлингті (437 мың доллар) құрады. Осылайша тұрғын үй құны кезекті рекордтық көрсеткішке жетті, деп жазды Bloomberg агенттігі.

Сарапшылардың сөзінше, бағаның көтерілуі тұрғын үйді сатып алып, оны жалға берушілердің көбеюіне байланысты болып отыр. Сондай-ақ, 1 сәуірден бастап жылжымайтын мүліктің екінші нысанын сатып алғандар 3% көлемінде қосымша салық төлейді.

Мемлекеттегі ең жоғарғы тұрғын үй бағасы Шығыс Мидленд аймағында тіркелді. Мұндағы баға наурыз айында 3,6%-ға көтерілген. Ал елдің шығыс аймағында 1,5%-ға, оңтүстік-шығысында 2%-ға жоғарылаған. Лондон қаласындағы баға бар болғаны 0,3%-ға көтерілді.

Похожие материалы