Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Универсиадаға байланысты Алматыда бірнеше сауда орны жабылады

Универсиадаға байланысты Алматыда бірнеше сауда орны жабылады

Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz - 29 қаңтар және 8 ақпан күні Алматы қаласында 9 сауда нысаны жабық болады. Сауда орындарының жабылуы Қысқы Универсиада өткізілетін күндермен сәйкес келеді. Ал Алматы әкімдігінің түсіндіруінше, орындардың жабылуы санитарлық тексеруге байланысты.

«Жабылатын нысандар қатарында „Магнум“ гипермаркеті (Ақбұлак, 273), „Алтын Орда“,  „Барлық“,  „Құрдас-7“, „Жібек жолы“, „Жұлдыз“, „Барыс-4“ базарлары және „Кар Сити“ сауда орталығы, „Арзан“ гипермаркеті бар», —  делінген Алматы әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

Алматы қаласында 46 сауда базары жұмыс істейді. Оның 4-уі арнайы сауда нысаны болса, 16-сы әмбебап, 26-сы азық-түліктік емес базарлар. Қала базарларында 25 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.

Похожие материалы