Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Видеотүсірілім ережелері

Видеотүсірілім ережелері

Видео түсіріп, интернетке салу -кез-келген қолданушы үшін ең оңай жұмысқа айналды. Ал бүгінгінің журналисті үшін видео түсіріп, тез арада өңдеп, сайтқа сала білу - міндетті талаптардың бірі. Мақалаға видео енгізу материалдың тартымдылығын тіпті арттыра түседі. Фото мен бейне сіздің мәтініңіздің құнын еселей түспек. 

  • Сайтқа кірушілердің 65 пайызға жуығы видеоны міндетті түрде көреді
  • Тек видеоформат арқылы ғана минимал уақыт ішінде максимал көлемдегі ақпаратты беруге болады.
  • Видеоның орташа ұзақтығы - 1 минут, статистика бойынша қолданушы осынша уақыт бір нәрсеге зейін қоя алады. Ал максимал түрде 4 минуттан аспағаны жөн.
  • Осынша уақыт аралығында сіз жеткізгіңіз келген мәселе жан-жақты айтылып үлгеруі қажет.
  • Қолданушылардың 50 пайызға жуығы видео қарағаннан кейін сайтта 3 минутқа жуық болады екен.

Дегенмен сайтыңызға дайын материал салынғанға дейін ұзақ процесс бар. Қарапайым қолданушы үшін ұялы телефоннан интернетке жүктеуді білу жеткілікті болса, журналист үшін видеоның сапасы мен салмақтылығы басты назарда болуы қажет. Видеосюжетті түсіру -  еңбекті, шығармашылықты  талап ететін, алдын-ала сюжет туралы ойлап, техникалық дайындықты керек ететін процесс.

Видеосъемка туралы пайдалы кеңестер:

Ең басты кеңес - съемка алдына әрқашан аппаратты тексеруді әдетке айналырыңыз.

Мыналарға ерекше назар аударғаныңыз жөн:

  • штативқа арналған платформаға
  • радиомикрофондарға(өзіңізбен бірге барлық құрылғылары бар екеніне көз жеткізіңіз)
  • батарейкаларға
  • жарық беретін аспаптарға
  • құлаққапқа
  • қосалқы бөлшектеріне
kino_proizvodstvo_film_i1741Қай жерде әңгімеңізді айтқыңыз келеді, сіздің көздегеніңіз камерада қалай көрінуі қажеттігін алдын-ала анықтап алыңыз. Офистен шығар алдында барлық керекті адамдарға қоңырау шалып, сюжетке қатысушылардан сұхбат  жайлы егжей-тегжей талқылау қажет.

Алдын-ала ауа-райын қараңыз - мүмкін сізге қолшатыр керек болатын шығар!

Түсірілім алдында жарықтың жағдайларын қарап, ақ баланс орнатып, сюжетті қалай түсіретініңізді ойлаңыз.

Шығармашылық тәсіл 

Кадрден қалай әңгімеңізді ашып көрсетуге болады? Қалай сурет пен дыбыс арқылы сюжеттің мәнін жеткізсем болады? Осы сұрақтарды ойлаңыз.

Жасанды, қойылымдық кадрлар жасамаңыз. Қарапайым адамдар актер емес, олардың  жасанды түрде сіздің айтқаныңызды істеулері жиі сәтті шыға бермейді. Қандай жағдай болмасын кадрдің табиғи шығуына тырысыңыз.

Съемканы аяқтар алдында бірнеше резервтік кадрлар жасаңыз. Мүмкін бұл бәрімізге аян шығар, (бір рет болсын басымыздан өтті ғой) дегенмен таспаға жазбаның түскенін, репортажға жеткілікті материал түсірдік пе соған көз жеткізіңіз.

Сондай-ақ түсірілімнің техникалық қырларына көп мән бере бермеңіз. Тек оператор болып қана қоймай, журналист ретінде де ойланыңыз: не айтылып жатқанын тыңдаңыз, сәтті шыққан ракурстарды байқай отырып, жақсы дәйек сөздерді еске сақтап отырыңыз.

Монтажды бастар алдында, қайтадан репортаждың құрылымын ой жиегінен өткізіңіз. Бірінші кадр қандай болады? Қандай интервью мен синхрондар керек болады? Репортажда қалай бітіргіңіз келеді?

Әрқашан өзіңізге қолда бар материалды 100% қолдана отырып қалай репортаж құрастырсам болады деген сұрақ қойыңыз.     

                                                                  Жұлдыз Ерік "7"

Похожие материалы