Таяу Шығыста жағдай ушығып, Израиль мен Иран арасында соғыс тұтану қаупі туындап тұрған шақта ресейлік БАҚ Владимир Жириновскийдің 2019 жылғы пікірлерін жариялап жатыр. Онда саясаткер әлем үшінші дүниежүзілік соғыс алдында тұр, дейді.
«2024 жылға қарай Таяу Шығыста қақтығыс басталады және елдің бәрі Украинаны ұмытады. Мен үшінші дүниежүзілік соғыс туралы айтып отырмын. Өйткені Иран КХДР немесе Вьетнам, Косово да емес. Ең қорқынышты оқиғалар осында болады», - деді Жириновский 5 жыл бұрын «Вечер с Владимиром Соловьевым» бағдарламасында.
Айта кетейік, атышулы саясаткер 2022 жылы 75 жасында өмірден өтті. Оның көзі тірісінде жасаған мәлімдемелерінің көпшілігін әртүрлі мемлекеттер «сандырақ», деп бағалаған.