Қызылорда. 14 қыркүйек. 7kun.kz - Қызылорда облысының кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысында шағын және орта бизнесті «Даму өндіріс» бағдарламасы арқылы несиелендіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.
Жиынды ашқан аймақ басшысы нарықта қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, өңір экономикасын дамыту бағыттарын атап өтті. Сыр өңіріне экономиканың нақты секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамуы және агроөнеркәсіп кешенінің үлесін ұлғайту аса қажет. Осыған орай, шұғыл шешімін табуды қажет ететін мәселелердің бірі – шағын бизнесті дамыту.
– Польшаның ішкі жалпы өнімінің 51 пайызы микробизнес яғни, жұмысшылар саны 9 адамнан аспайтын шағын кәсіпорындарға тиесілі. Үкіметке жоба әзірлеп ұсынайық. Қызылорда облысы осы кәсіпорын санатын дамытатын пилоттық аймақ болсын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Сондай-ақ, аймақ басшысы шағын несиелерді беру бойынша жұмысты жүйелендіруді тапсырды.
– Шағын және орта бизнесті дамытпай, салық базасын ұлғайта алмаймыз. Сондықтан біз осыған мүдделіміз. Бастауыш бизнесмендердің, әсіресе, ұлттық қолөнермен айналысатын кәсіпкерлердің жобаларын қолдап, сүйемелдеу және олардың өнімдерін нарықта кеңінен насихаттау керек, - деді облыс басшысы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024