Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – Бас прокуратура ескертті

Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – Бас прокуратура ескертті

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарату деректеріне байланысты азаматтарға ескерту жасады.

Қадағалау органының мәліметінше, бүгінде әлеуметтік желілер негізгі ақпарат көзіне айналған. Алайда жеделдікпен қатар жауапкершілік те күшейіп отыр. Әсіресе «цифрлық қауесеттер» қоғам үшін елеулі қауіп төндіреді.

Ведомство атап өткендей, көп жағдайда пайдаланушылар ақпараттың анықтығын тексермей, жалған немесе бұрмаланған мәліметтерді таратады. Ал мұндай әрекеттер қоғамда дүрбелең туғызып, азаматтардың абырой-беделіне нұқсан келтіруі және мемлекеттік институттардың жұмысына кері әсер етуі мүмкін.

Бас прокуратура цифрлық ортада толық анонимділік жоқ екенін еске салды. Интернеттегі кез келген әрекет «цифрлық із» қалдырады, ал заманауи технологиялар ақпараттың бастапқы көзін анықтауға мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, заңға қайшы жарияланымдардың авторлары анықталып, жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ мамандар кез келген жазба жарияламас бұрын оның салдарын ойластыру қажет екенін атап өтті. Жала жабу, қорлау немесе көрінеу жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкеледі. Сөз бостандығы басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға негіз бола алмайды.

Ведомство құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Азаматтарға тек тексерілген ақпаратты таратып, цифрлық кеңістікте жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру қажеттігі ескертілді.

Ұқсас материалдар