Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Зейнетақы қорында 400 мыңға жуық "қате" есепшот табылды

Зейнетақы қорында 400 мыңға жуық "қате" есепшот  табылды

Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімшартсыз ашылған «қате» 398 мың жеке зейнетақы шоты анықталды. Бұл туралы  «БЖЗҚ» АҚ  сілтей отырып, «ҚазАқпарат» агенттігі xабарлады.

«Қорларды біріктіру кезінде 28 мыңнан астам қосарланған шоттар өңделді. БЖЗҚ құрылғалы бері осындай есепшоттарды қысқарту жұмысы қор алдында тұрған стратегиялық міндеттердің бірі болып табылады. Бұл шоттармен жұмыс тоқтаған жоқ, салымшылар анықталуда, мұрагерлер xабарласуда. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ортақ базасы құрылған кезде, осы мәселе бойынша толық жағдайды бағамдау жеңілдей түсті. Ай сайын 5 мыңнан 50 мыңға дейін шот өңделеді. 01.01.2017 жағдай бойынша, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімшартсыз ашылған («қате» зейнетақы шоттары) жеке зейнетақы шоттарының саны 398 мыңды құрайды», - делінген ресми жауапта.

Қордың мәлім етуінше, мұндай шоттардыа «иесіз» деп атауға келмейді. Бұл шоттардың реквизиттерінде қателер кеткен. Бұл проблема жинақтаушы зейнетақы жүйесінің алғаш құрылған жылдары орын алған. Белгілі болғанындай, 2003 жылға дейін салымшылармен зейнетақымен қамтамасыз ету шартынсыз міндетті зейнетақы төлемдерін қабылдауға тиіс болған жалғыз қор - Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры болған.

Похожие материалы