Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жекеменшік балабақша құрылысына жер берілмейді

Жекеменшік балабақша құрылысына жер берілмейді

Мәжіліс отырысының бірінші оқылымында мектепке дейінгі білім беру және балабақша мәселесіне қатысты заң жобасы қаралды.

Аталған заң жобасын таныстырған Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бірқатар жаңашылдықты сөз етті

– Заң жобасында мектепке дейінгі білім беруге екі маңызды норма қарастырылған. Біріншіден, балабақша құрылысына арналған жер учаскелерін егжей-тегжейлі жоспарлауда жер бөлу және оларды жеке меншікке беруге тыйым салу ұсынылады. Бұл шара балабақшаларға арналған жерлерді сақтап, мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған, – деді ол. 

Сонымен қатар, заң жобасында 6 жасқа толған балаларды мектепке барғанша балабақшада қалдыру мәселесі қаралып отыр. Яғни, балабақшалар балаларды мектепке дейін оқытуға міндетті болады. Түзету мектепке дейінгі дайындықтан өткен балалардың 31 шілдеге дейін балабақшада қалуына мүмкіндік береді. Бұл норманы мәжілісмендер мәдениет және білім беру мәселелері бойынша заң жобасына өзгеріс енгізу аясында мақұлдады.

– Қазір ата-аналар жиі кездесетін мәселенің бірі – балаларының 6 жасқа толғаннан кейін, бірақ оқу жылы басталғанға дейін балабақшадан шығарылуы. Бұл өз кезегінде ата-аналар үшін үлкен қиындықтар тудырады, өйткені олар бала күтімін ұйымдастыру мәселесімен бетпе-бет келеді. Мысалы, егер бала жылдың басында, ақпан айының 5 күні 6 жасқа толса, оны кейбір балабақшалар дереу шығарып жібереді, бірақ ол баланы мектепке әлі бара алмайды. Осы норманы енгізу арқылы балалардың балабақшада жазға дейін қалуына мүмкіндік беріледі, – деді депутат. 

Бүгін Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында қаралды. 

Ұқсас материалдар