Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Зеленский келесі президент сайлауына түспек

Зеленский келесі президент сайлауына түспек

Украина президенті Владимир Зеленский келесі президенттік сайлауға қатысуға шешім қабылдады.

Бұл туралы Украинаның Telegraph басылымы ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады. Басылымның мәліметінше, егер оның басты бәсекелесі, Украина Қарулы күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Валерий Залужный сайлауға қатыспаса, президент екінші мерзімге өзін ұсынуға дайын.

«Екінші мерзім туралы шешім қабылданды. Сенім деңгейі 52 пайыз болса да, Зеленскийдің президенттік сайлауда жеңіске жету мүмкіндігі әлі де бар», –  деп келтіреді Telegraph дереккөздеріне сілтеме жасап.

Алайда, қазір Ұлыбританиядағы Украина елшісі қызметін атқарып жүрген Залужный өзінің саяси болашағын әлі шешкен жоқ. Бірақ кейфбір ақпараттарда президенттің айналасындағы адамдар қазірдің өзінде Залужныйға ұсыныс жасаған.

Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак бұрынғы бас қолбасшыға сайлауға қатысудың орнына Зеленскийді қолдау туралы шешім қабылдаса, партиялық тізімдегі бірінші орынды және парламент спикері лауазымын ұсынды деген болжам айтылып жатыр.

Зеленскийдің президенттік мерзімі 2024 жылғы 20 мамырда аяқталған, бірақ өткен жылғы елдегі соғыс жағдайына байланысты өтпей қалды. 

 

Ұқсас материалдар