Украина Ресейден шамамен 7 млрд доллар өндіріп алуға ниетті. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.
Зеленский бұл мәселені «Нафтогаз Украина» компаниясының басшысы Сергей Корецкиймен талқылаған. Украина тарапы бұл ақшаны халықаралық арбитраждық сот шешімдері негізінде өндіріп алмақ.
«Қазір бізде халықаралық арбитраждарда жалпы сомасы 6,9 млрд доллар болатын бірнеше оң шешімдер бар», – деп жазды Украина басшысы Telegram-арнасында.
Зеленскийдің сөзіне сүйенсек, бұл қаражатты Ресей Федерациясынан өндіру үшін нақты қадамдар дайындалып жатыр. Оның айтуынша, бұл халықаралық құқық жұмыс істеп тұр деген сөз.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Жаңалықтар
Алматыда испаниялық Joma 2026 жылы шығатын жаңа топтамасын таныстыруда
- 11 желтоқсан, 2025
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Алматыда испаниялық Joma 2026 жылы шығатын жаңа топтамасын таныстыруда
- 11 желтоқсан, 2025





