Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жамбыл облысында химия зауыты салынады

Жамбыл облысында химия зауыты салынады

Жамбыл облысында химия кешені салынады, бұл жобаға бағытталатын инвстиция көлемі 150 млн долларды қамтиды деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Жанатас қаласында фосфатты өңдеу жөніндегі химия кешенінің құрылысы осы жылы басталуы жоспарланып отыр. Бұл туралы "ЕвроХим" компаниясының бас директоры Дмитрий Стержнев хабарлады. 2015 жылдың ІІІ тоқсанында кешен жобасы мемлекет сараптамасына жіберіледі.

"Жобаны іске асыру кезінде 2 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бүгінгі күні, жобаға шамамен 150 млн АҚШ долл. инвестиция салынды. Жалпы, жоба 2012 жылы жасалған Жол картасына сәйкес жоспарланған мерзімдерде іске асырылуда", - деп мәлімдеді Д.Стержнев.

Жоба бойынша, зауыт жыл сайын кемінде 1 млн тонна минералды тыңайтқыштарды шығаратын болады. Д.Стержневтың айтуынша, компания жобаның бірінші кезеңін іске асырып жатыр - тау-кен кешенінің құрылысы.

"Бірінші кезең бойынша карьер жанындағы өнеркәсіптік алаң бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталды, байыту кешенінің бірінші кезекті объектілерінің құрылысы басталды. Пайдалануға беру осы жылдың қыркүйегіне жоспарлануда", - деді Д.Стержнев.

Похожие материалы