Жақында достарымның бірінің үйінде отырып бір сыныптасымның 19-шы рет несе алып жатқанын естіп, таңқалдық. -Ойбай бұл қалай,- деді бір танысым, - бесінші жыл болды, бір несиені әлі төлеп біте алмай жүрміз, он тоғызыншың қалай?! Сөйтсек, әлгі танысымыздың алатыны тауарлық несие екен, әрі сомасы аз. Бір жол газ плитасын, бір жолы тоңазатқыш, бір жолы микротолқынды пеш...Үйдегі заттың барлығын несиеге алдық, несие білген адамға құрал екен деп күледі. Бұнымен үйін, көлігін несиеге алған достарым келіспеді. - Әрине, сендер үшін ауыр,- дейді танысым, - бірден миллиондап аласыңдар, сосын қиындығын айтасыңдар. Аздан, әрі тұрмыстық тауар үшін алсаңдар, құрал екенін түсіне бастайтын едіңдер. Мен ешқашан 150 000 теңгеден асырып несие алып көрген емеспін. Әрі ақшалай алмаймын, тек тауар ғана аламын, қазір үйіме мүлік алып болдым. Енді көлікті несиеге рәсімдеуді ойлап жүрмін. Бірақ, алдымен есептеп көремін. Ескі көлік алсам, бұзылады. Әрі несиеге рәсімдеу қиын, дұрысы жаңасы. Кем дегенде 3 жыл қиналмаймын, несиеге жылдам рәсімдейді. Әрі ай сайынғы төлемі менің айлық жалақыма әсер етпеу керек, яғни, адам тасымалдап қосымша ақша тауып қайтаруға мүмкіндік болса, аламын. Болмаса, несиеден бас тартып, айлығымнан жинап алуға тура келеді. Несие тарихы шағын несиелерден құралған, яғни тұтынушылық несиеден бастады. Сондықтан, қалаған нәрсемді рәсімдеуіме мүмкіндік бар. Бірақ, бәрібір кез-келген істе ойлы шешім керек. Досымыздың несиеге көзқарасының дұрыстығын бәріміз бір мақтап алдық та, өзіміздің несиеміз туралы айта бастадық. Бір сыныптасымыз кепілсіз несие алып, бизнес ашыпты. Бизнес жүрмеген, несиені қайтарып жатыр. Пайызы қымбат деп күрсінді. Біз шағын бизнес ашу үшін, пайызы арзан, арнайы несие бар емес па дестік. Ол несиенің түрлері туралы еш ақпаратым жоқ, біреу түсіндірсе, шіркін, аузым күймес еді деді. Кейін сұрастырсам, менің танысым сияқты жандар көп екен. Дұрысы бұл туралы көбірек ақпарат беру керек деп шештім. Бүгін тұтынушылық несие туралы айтпақпын.
Тұтынушылық несие – бұл тұтыну заттарын немесе қызметтерді алу үшін азаматтарға берілетін несие түрі. Мысалы: тұтыну тауарлары тұрмыстық техника, жиһаздар т.б, немесе туристік жолдамалар, білім үшін несие. Банктер тұтынушылық несие туралы әртүрлі тұжырымдайды, дегенмен бұл несиелендіру түрінің өзгелерден айырмашылығы - тұтынушылық несие ешқашан бизнеске және іс жүргізуге арналмайды, бұлаға арналған басқа несие түрлері бар.
Тұтынушылық несиелер түріне байланысты бірнеше категорияға бөлінеді:
- Мақсатты және мақсатты емес. Бұл бөлініске байланысты несиелер нақты тауарларды сатып алуға рәсімделуі мүмкін (мысалы, тұрмыстық техникаға арналған несие) немесе несие алушының еркіне қарай жұмсалады.
- Қамтамасыз етілген және етілмеген – қамтамасыз етілген несиелер мүлікті кепілге алу немесе кепілге алмастан үшінші бір тұлғаның кепілгер болуы арқылы беріледі.
- Қарызды өтеу мерзімі бойынша– әдетте қысқа мерзімді, орташа және ұзақ мерзімді қарыз болып бөлінеді.
- Несие алу арқылы тауарлар мен қызметтерді иемденудің өзіндік пайдалы жағы және кемшіліктері бар.
Пайдасы:
- Қолжетімділігі. Сіз қаражат жинап аламын дегенше әлгі тауар қымбаттап кетуі немесе ол тауар сатылып бітуі мүмкін. Сіз қалтаңызда қаражат болмаса да, сол сәтте-ақ рәсімдеп ала-аласыз.
- Тауар/қызмет тұтынушылардың көпшілігіне қолжетімді болады және қарызды қайтару үшін үлкен соманы төлеудің қажеті жоқ, бірнеше ай немесе жылдар ішінде қарызды бөліп төлей аласыз;
- Көптеген акциялық тауарлар бөліп төлеуді артық төлемсіз/пайызсыз ұсынады. Мысалы: 10 000 теңгенің тауарын, 1 жыл бойы артық пайызсыз, бөліп төлей аласыз.
Кемшіліктері:
- Болашақта түрлі жағдайларға байланысты несиені төлеуге қатысты мәселелер туындауы мүмкін.
- Несие жүйесі көбінесе адамдарды өздерінің қолжетімділігімен және кейде тұтынушыға қажет емес тауарларды сатып алуға қатысты жарнамалармен көз байлайды.
Басқа да қаржылық ұсыныстар сияқты тұтынушылық несиені алмас бұрын барлығын ой таразысына салып ойланып, ұсынылған қызметтермен мұқият танысып және «оның пайдасы көбірек пе әлде кемшілігі көп пе?» деген сұраққа жауап тапқаннан кейін ғана шешім қабылдаңыз. Бұл үшін несиелік келісімді мұқият оқу керек және артық төлемнің ақылға қонымдылығын, тауардың немесе қызметтің өзіңізге қажет па, жоқ па, ойланып алыңыз. Сонымен қатар банктердің ұсыныстарынан өзіңізге ең қолайлысын таңдаңыз. Мысалы: несиені банк бөлімшесіне бармастан, комиссиясыз төлеу мүмкіндігі бар ма? Төлем жасалғанын онлайн бақылап отыра аласыз ба? Туындаған сұрақтарға жауап беру, қызмет көрсету сапасы қандай? Сақтандыру пайызы жоғары емес па? Банктердің қызметтері ұқсас болғанымен, өзіңізге қолайлысы міндетті түрде болады. Өмір болған соң, несие алу қажеттілігі туындайды. Бірақ, көзсіз несиеден қашқаныңыз жөн. Ойлы шешім барлық жерде керек. Қазақтың «жеті рет өлшеп, бір рет кес» дейтін сөзін несиеге алу кезінде де бір ұмытпаңыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024